Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-министр Бишімбаевтың коттеджі: Сауна шахмат залына, бассейн би алаңына айналды

Тәркіленген мүліктің қызығын енді балалар көретін болды. Кезінде экономика министрі қызметін атқарып, сотталған Қуандық Бишімбаевтің котеджі енді Қосшының жалғыз мәдени ошағы атанып отыр. Зәулім үйдің орнында ауылдық клуб жұмысын бастамақ.

Экс-министр Бишімбаевтың коттеджі: Сауна шахмат залына, бассейн би алаңына айналды

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

293 мың долларға салынған үйдің бірінші қабатында би залымен бірге халықтық аспаптар оркестрі де болады. Жазда ғана суға толған бассейн болған бөлмеде шұңқыр жабылып, өнерпаздар отыратын орынға айналған. Бүгіннің өзінде домбыра-қобызда ойнауды үйренгісі келген 23 бала жазылып үлгеріпті.

Үйдің екінші қабатында келесі жылдан бастап шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ секілді үстел ойындарын үйретуге арналған үйірме орын теппек. Одан бөлек, мұнда қосшылық ақсақалдардың бас қосатын орны болмақ.

Экс-министр Бишімбаевтың коттеджі: Сауна шахмат залына, бассейн би алаңына айналды

Екінші қабатта сондай-ақ, вокал үйірмесі мен кітапхана бөлмесі әзірленген.

Есеп бойынша, мұнда 200 бала келіп, сабақтан тыс түрлі бағытта дәріс алмақ. Олар үшін 20 қызметкер еңбек етеді. Жұмысшыларды қатаң байқау арқылы қабылдаймыз дейді, клуб меңгерушісі. 11 үйірмеге жауапты болу ниетін білдіргендер қатары көп екен. Айтуынша, қыркүйектен бері ғимаратты қалыпқа келтіру жұмыстары тоқтаусыз жүрген.

«Коммуналдық желілерді қалыпқа келтіру бойынша біраз шаруа атқарылды. Целиноград аудандық бюджетінен қаржы бөлінді. Демеушілер де көмектесті. Жалпы сомасы 10 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Оның жартысын демеушілер көтеріп алды», – дейді Қосшы ауылдық клубының меңгерушісі Күлшат Досмағамбетова.

Экс-министр Бишімбаевтың коттеджі: Сауна шахмат залына, бассейн би алаңына айналды

Қыруар қаржыға үйірмелерге қажетті жабдықтардан бөлек, бейнебақылау камералары да алынған. Экс-министр Бишимбаев ісі бойынша тәркіленген үйдің ішінде тек мына екі жасыл гүлзар ғана қалған секілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев былтыр қаңтарда жемқорлық қылмыс үшін күдікке ілініп, қамауға алынып еді. Биыл наурызда 10 жылға сотталған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау