Экс-депутат Әблязовтың зәулім сарайын көрсетті (видео)

Экс-депутат Тәңірберген Бердоңғаров  Мұхтар Әблязовтың Алматы қаласында орналасқан зәулім үйін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Тәңірберген Бердоңғаров олигарх туралы видео түсіру үшін Астанадан Алматыға арнайы ұшып келген.

«Luxor СПА клубының артында биік дуал көрінеді. Бұл Алматы әкімінің бұрынғы резиденциясы. Виктор Храпунов әкім болып тұрған кезінде мемлекеттік меншігіндегі үйді әйелінің атына рәсімдеп, өзінің құдасына арзан бағаға сатқан», – дейді Бердоңғаров.

Экс-депутат Әблязовтың үйіне келгеннен кейін зәулім сарайды безендіріп тұрған мүсіндерді, дуалмен қоршалған өзен сағасын, терезе сыртынан үйдің ішкі көрінісін көрсетті.

Әблязовтың бұрынғы үйлерінің бірін көрсеткеннен кейін, Бердоңғаров Алматы орталығындағы 11 қабатты кеңсе ғимаратында болды.

Сондай-ақ, Тәңірберген Бердоңғаров БТА банктегі Әблязовтың бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Жарымбетовтен сұхбат алды.

«Жалпы алғанда, Әблязов шетелдік инвесторлардың ақшасын ұрлаған. Әблязов қарызды әдейі қажетті сомадан көп мөлшерде алады. Себебі оны қайтармайтынын біледі. Бұл алаяқтық. Ал ол ақшаның барлығын иемденіп алып, қашып кетсе, бұл ұрлық саналады. Әблязов банк капиталын қолдан өсіріп, инвестиция тартып, мұнан кейін ол ақшаның бәрін шешіп алып, қайтармай қойған», – дейді Жарымбетов.

Айта кетесек, 2004-2016 жылдар аралығында депутаттық қызметті болған Тәңірберген Бердоңғаров қазіргі уақытта YouTube-те видеоблог жүргізіп жүр. Өз блогында экс-депутат маңызды тақырыптарды қамтуға  тырысуда.

Оқи отырыңыз:

Петропавл тұрғындары қала автобустарында жолақы төлеуден толықтай бас тартпақшы

GetContact-ке кірген деректер желіде тарап кетті

Біздің елде сот ғимаратын салсаңыз да ақшаңызды ала алмай қалуыңыз мүмкін  

Ақтөбеде жалақы алмаған тәрбиешілер білім бөліміне басып кірді 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр