Wall Street Journal: Қазақстанның Ұлттық қорындағы ақша 6-7 жылда таусылып қалуы мүмкін
Ұлттық қордағы ақша 6-7 жылда таусылып қалуы мүмкін. Ұлттық банктің инвестициялық корпорация басқармасының төрағасы Берік Өтемұрат АҚШ-тың Wall Street Journal-ына берген сұхбатында осылай дейді.
Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.
Қорда қазір 64 млрд АҚШ валютасы бар. 2014 жылдың тамыз айына дейін бұл сома 77 млрд болатын. Яғни осы уақыт аралығында қордағы қаржы 17%-ға қысқарды. Өтемұраттың айтуынша, Үкімет жыл сайын бюджет шығындарын жабуға 9,5 млрд көк қағаз алады.
Ал соңғы 5 жылда Ұлттық қор жылына 1,96 пайыз табыс тауып келген. Мемлекеттік шығындарды жабу үшін, жыл сайын 5-6 миллиард америка валютасы көлемінде кіріс кіріп тұруы тиіс, – деп нақтылады спикер.
Қазақстандық басылым тілшілеріне Өтемұрат мырза шетелдік басылымға берген сұхбаты жөнінде қандай да бір түсінік беруден бас тартты.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды
