Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp-та жарнама көрсетілмекші

WhatsApp хабаршысы 2019 жылдан бастап пайдаланушыларға жарнама көрсететін болады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

WhatsApp-та жарнама көрсетілмекші

Жарнамалық хабарламалар қосымшаның жоғарғы жағында пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, жарнама «сторис» және жарияланғаннан кейін бір тәулік өткен соң өшіп қалатын фотосуреттер мен видеоларды да таратады.

WABetaInfo техноблогының инсайдерлері қыркүйектің аяғында жаңа қызметтің iOS қосымшаларына әсер ететінін хабарлады.

Бұған дейін Facebook-тің қауіпсіздік басқарушыларының бірі Алекс Стамос хабаршыда жарнама көрсетілетуі мүмкін екенін алдын ала құлақтандырған болатын.

Сондай-ақ, танымал хабар алмасу қосымшасының негізін қалаушы Брайан Ектон өз кезегінде, қыркүйек айында Forbes басылымына берген сұхбатында Facebook-тың WhatsApp-ты $ 22 миллиард долларға сатып алмас бұрын жарнама арқылы ақша табуды жоспарлағанын айтты.

Ал, компанияның басқа да өнімдері, Facebook әлеуметтік желісі мен Instagram платформасы ұзақ жылдар бойы жарнаманы белсенді көрсетіп келеді. Айта кетейік, WhatsApp хабаршысын белсенді пайдаланушылардың саны миллиардтан асады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Бейсенбі, 04 Қазан, 2018 16:12
Талқылау