WhatsApp-та демалыс режимі пайда болады

WhatsApp программистері мобильді қосымшаға демалыс режимін құрумен айналысуда, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі WABetalinfo-ға сілтеп.

WhatsApp-та демалыс режимі пайда болады

Пайдаланушы бұл режимді белсендіріп, қосқаннан кейін дыбысы өшірілген абоненттерден хабарлама алмайтын болады. Ал олар жіберген хабарламаны қосымшаға кіру арқылы оқуға болады.

Бұл режим демалғысы келетін және хабарламаларға уақыт жұмсап, алаңдағысы келмейтін пайдаланушыларға арналған. Бірақ, олар соған қарамастан байланыста, яғни желіде отырады.

WhatsApp сондай-ақ, басқа да жаңа жүйелерді дайындауда. Мысалы, компания пайдаланушының Instagram парақшасын WhatsApp хабаршысының профиліне байланыстыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Android-қа арналған қосымшаның нұсқасында «суреттегі сурет» функциясы қосылған болатын. Мұнда пайдаланушы «видеоны көру» баспасын басу арқылы оны экранның кез келген бөлігіне жылжытып және хабаршыны пайдалануын жалғастыра алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар