WBC президенті: Головкиннің рингке шығуына кедергілер келтіріліп жатыр

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман Marca басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсылас табудағы қиындықтарға байланысты қолдау жасады.

WBC президенті: Головкиннің рингке шығуына кедергілер келтіріліп жатыр

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Сулейманның айтуынша, Головкин мен Альварес реваншының тағдыры NSAC шешімімен байланысты болады.

“Бұл 18 сәуірде шығатын NSAC шешіміне байланысты болады. Болжам бойынша, ол уақытша дисквалификацияланады. Реванштың қай кезде өтетіні сол мерзімге байланысты – 2018 жыл ма, 2019 жыл ма”, – деді ол.

5 мамырда жекпе-жек өткізуге ниетті Головкиннің келесі қарсыласы жөнінде сұраққа жауап берген Сулейман Головкиннің рингке шығуына кедергілердің болып жатқанын айтты.

“Ол үшін қарсыластарының барлығы бұғатталды. Комиссиялар, промоутерлер, телевизия және бокс әлеміндегі өзге ұйымдар – олар рингке шығатын жолды жауып отыр. Көпшілік өздерін ұсынған, бірақ, ақырында бас тартылды”, – деді ол.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес биыл 5 мамырда реванш өткізуі тиіс болған. Алайда мексикалық боксшы екі рет допинг-тесттен өтпей қалды. Ол тыйым салынған заттардың ет арқылы түскенін айтты. Алайда наурызда Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) оны уақытша шеттетті. Альварес болса 3 сәуірде Головкинмен жұдырықтасудан ресми түрде бас тартты.

Альварестің допингке қатысты ісінің тыңдауы 18 сәуірде өтеді. Ол телефон арқылы тергеледі немесе Лас-Вегаста NSAC сұрақтарына жауап береді. Егер ол өзінің кінәсіздігін дәлелдей алмаса, бір жылға дейін дисквалификациялануы мүмкін. Альварестің допинг-тесттен өтпей қалуы Головкиннің де жоспарына әсер етті, ол 5 мамырда жекпе-жек өткізуге ниеттеніп отыр, бірақ әлі күнге дейін қарсылас табылған жоқ.

Оқи отырыңыз:

Павлодарлық 2-нші сынып оқушысы Латвияда чемпион атанды

Шымкенттік Әсел Дәлиева қалайша тоғызқұмалақтан 7 рет әлем чемпионы атанды (фото)

Канело, кетші әрі: Головкин кешірім сұраған Альвареске қатысты пікір білдірді (видео)

Головкин чемпиондық белбеуінен айырылып қалуы мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар