Ресейде балықтан жасалған ең үлкен шырша құрылды (фото)
Владивастокта «Улица Дальнего Востока» фестивалі аясында кептірілген балықтардан жасалған шырша құрылды. Бұл туралы 2 қыркүйек күні «Сахалин.инфо» жазды.

Фестиваль II Шығыс экономикалық форумы аясында өз жұмысын бастады. Балықтан жасалған ағаштар Сахалин облысындағы бірден-бір экспозициясы болып табылады.
Балықтан жасалған шыршаның биіктігі 2,5 метр. Мұны тұрғызуға 2532 балық жұмсалыпты.
Сахалин облысының губернаторы Олег Кожемяконың сөзінше кептірілген балық сол өңірдегі ең танымал азық түрі.
«Балықты қуырып та, тұздап та барлық жерде қолданады. Ал кептірілген түрін тек Сахалинде ең дәмді етіп дайындайды»,-деді губернатор өз сөзінде.
Өңірге келген қонақтардың осыған көзін жеткізу үшін қонақтар екі күн бойына кептірілген балықтар тегін таратылады екен.
Басылымның хабарлауынша кептірілген балықтан құрастырылған шырша Ресейдің рекордтар кітабына енеді екен.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"