Владимир Жұмақанов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметін атқарған Владимир Жұмақанов өз орынын босатты.

Фото: caravan.kz
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бүгін бұл қызметке, бұған дейін ҚР премьер-министрі қызметін атқарған Кәрім Мәсімов тағайындалған болатын.
Жұмақанов 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болды. Ал 2010 жылдан бастап ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметіне кірісті. 2015 жылдың 25 желтоқсанында ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалған болатын.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады