Владимир Путин Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынды
Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүргізген кеілссөздерін қорытындылай келе атом электр станциясы жайлы сөз қозғады.
Фото: kremlin.ru
Путиннің айтуы бойынша, Мәскеу Нұр-Сұлтанға атом электр станциясын салу туралы ұсыныс тастаған. Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.
"Өзара әрекеттестіктің жаңа түрлеріне көшуді ұсынамыз. Бәрінен де бұрын Қазақстанда ресейлік технологиялармен АЭС салу мүмкіндігі бар екенін мензеп тұрмын", — деді Ресей басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Тоқаевтың Ресейге баруы мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы сапары болды. Президент сапарының бағдарламасындағы басты мәселе — Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен өткізілген келіссөздер болып табылады.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр