ВИЧ жұқтырған әйел дәрігерлердің кесірінен ХҚКО-ға кіре алмай жүр

Алматыда ВИЧ жұқтырған 35 жастағы әйел  дәрігерлерді сотқа береді. Дәрігерлер жақында ана атанған әйелдің бұрын есірткі қолданғанын барлық құжаттарға жазып берген. Бұл турлы 31 арна хабарлады.

Марина бұрын есірткі қабылдап, ВИЧ жұқтырған. 2 жыл бұрын есірткіге тәуелділіктен арылып, тұрмысқа шыққан. Жақында балалы болды. Бірақ, оның айтуынша, дәрігерлер оның өткен өміріне тиісіп, дұрыс қарамаған.

“Барлық құжаттарда, баланың перзентханадан шығру қағазына “В 20”, “ВИЧ” “СПИД орталықта тіркеуде тұр” деп жазды.  Оларды жазып керек емес еді. Мен бұл құжаттармен ХҚКО-ға барамын. Оларға көрсетсем адамдар менен қашды”, -дейді Марина.

35 жастағы әйел сол үшін кінәлілердің жазаланғанын қалайды. Ол адвокат жалдап, адәрігерлерді сотқа беруге дайындалып жатыр.

Адвокат Айман Омарованың айтуынша, бұл адам денсаулығын кемсітушілік болып табылады.

“Басты дәлел перзентханадан шығру қағазы болады. Меніңше бұз заңсыз және моральдық шығын келтірді ”, -дедй адвокат.

Алматыдағы перзентхана дәрігерлері мұны жоққа шығаруда. Олардың айтуынша, жаңа туған нәрестелерді құжатта бұлай сипаттамайды. Ал, анықтама баланың анасының айтқан сөзімен жазылған.

“Анықтама өзінің сөзімен, анамнезімен жазылады. Егер науқастың анамнезінде есірткі қолданылғаны туралы жазылса, диагнозында жазылады. Ол жерде наркологтың қолтаңбасы болады”, -дейді №4 перзентхана бас дәрігерінің орынбасары Зияда Донбева.

Енді қай тарап шындықты айтқанын сот шешеді.

Марина адвоктпен бірге БҰҰ әйелдер құқығы комитетінедейін баруға дайын.

Тағы оқыңыз:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкері мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды

Дана Нұржігіт алғаш рет Владимир Рерихпен ажырасу себебін айтты

Астана білім басқармасы жоққа шығарды: Пәтер суықтығынан балаларын жетімдер үйіне өткізген оқиға

2018 жылғы оразаның қашан басталатыны белгілі болды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар