Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вера Брежнева көпшілікті биімен таң қалдырды (Видео)

Вера Брежнева мен T-killah RU TV телеарнасындағы ток-шоу көрсетілімінде “Этажи” деп аталатын жаңа бейнебаянын таныстырды. Ол түсірілім үзілісі кезінде орнынан тұра сала IOWA тобының “Бьет бит” әніне жүргізуші мен түсірілімдегі адамдардың көзінше түрлі тректер жасап биледі.

11

Вера Брежнева “ВИА Гра” тобына кастингтен қалай өткені жайлы айтып жатып, елдің бәрін таң қалдырды. Ол сұхбат беруге спорттық киім киіп келген. Түсірілім үзілісі кезінде ол өзінің би өнерімен тамсандырып, сол кездегі продюсері, қазіргі күйеуі Константин Меладзенің алдында “ВИА Гра” тобына қабылдау кастингі кезіндегі атақты биін билеп көрсетті. Ол IOWA тобының “Бьет бит” әніне жүргізуші мен түсірілімдегі адамдардың көзінше түрлі тректер жасап биледі.

Өзі билеген видеосын ол Инстаграм парақшасында жариялаған. Видео бірнеше сағаттың ішінде 100 мыңнан астам лайк жинаған. Еске сала кетейік, Вера Брежнева Инстаграмда Ресей жұлдыздарының ішіндегі ең атақты әнші деп танылған. Оның Сони есімді қызының дүниеге келуі, продюсері Константин Меладземен құпия түрде үйленуі көпшіліктің назарын аудармай қоймады.

Қазіргі уақытта, әншінің мыңдаған табынушылары бар. Оны әлеуметтік желі арқылы 3 миллионнан аса жазылушылары қарап отырады. Оның 2 миллионы Инстаграмда “2015 жылғы жұлдыздар” деген атаумен ашқан аккаунттан көреді екен.

Талқылау