Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вайнерден режиссерге дейін: Қорқынышты фильм түсірген Батыров әріптестерін таңғалдырды

Отандық киноқоржынға тағы бір су жаңа картина қосылды. Көрерменіне күлкі сыйлап жүрген танымал вайнер Нұрлан Батыров дебьюттық туындысының тұсауын кесті. Режиссерлік мансабын қорқынышты триллер жанрынан бастаған вайнер, ойлағанын жүзеге асыра алды ма?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Ринат, Карина және оның сіңлісі Алиса қаланың күйбең тіршілігінен қашып, шет аймақтағы алып үйді паналамақ болады. Алайда, жаңа мекенге келгелі бақытты отбасының шырқы бұзыла бастайды.

Сюжет желісі қорқынышты оқиғалармен өрілген картинаны таспалау үшін, Нұрлан Батыров бес жылын сарп еткен. Режиссер ретінде «тұңғышын» дәл осы жанрда дүниеге әкелуі де бекер емес..

“Біріншіден, өзім триллер мен қорқынышты фильмдердің адал жанкүйерімін. Екіншіден, вайнер ретінде мүлде жаңа форматта картина таспалап, өзгелерді таңқалдыруды ойладым”, – дейді Батыров.

Комедиялық кейіпкер «Безумная женщинадан», расымен ешкім үрейлі картина күтпегендей.

“Менің ойымша кино күшті болды, кино шынымен де қорқынышты болды”, – дейді Батыровтың әріптесі Шәріп Серік.

Танымал вайнердің өмірде кездесетін тылсым оқиғаларға сенгіштігі бар.

“Талай бемәлім жағдайларды бастан кешкенімді жасырмаймын. Сыртынан күлкілі көрінуі мүмкін, алайда мен тылсым күштерге сенемін”, – дейді Батыров.

Нұрлан Батыровтың режисселік дебютін қолдауға келген меймандар да тылсым күштерді жоққа шығармайды.

“Мен жұмыс сапарымен Малайзияда болғанда, бірден біздің үйіміздің есігі жабылып, ешкім неліктен сол есік жабылғанын білмей, бір кезде жарық өшіріліп, өзіміздің үйімізде қамалып қалғанбыз”, – дейді актер Әнуар Нұрпейісов.

“Мен төртінші сыныпта ма, үшінші сыныпта ма «Звонок» атты атышулы кино көргенмін. Содан кейін, жарты жылдай қараңғы жерге баруға, ас үйге кіруге, жалпы қараңғы жерге кіруге деген қорқыныш болды”, – дейді актриса Гүлназ Жоланова.

Қорқынышты кинотуындылар жанрының біздің елде де өркендейтініне Нұрлан Батыровтың үміті мол.

Жіберіп алмаңыз:

Ерлан Біләлдан 670 мың теңгені қайтару талап етілді

Динара Сәтжан өзін айыптаған сәнгерді сотқа бермек

Қайрат Нұртас ең ізгі арманы жайлы айтты

Сәкен Майғазиев шоу-концерт жасау үшін 70 мың доллар тұратын көлігін сатпақшы

Талқылау