Василий Левит Қазақстан қоржынына күміс медаль салды
91 келіге дейінгі салмақты сынға түскен қазақстандық боксшы Василий Левит финалда ресейлік боксшыға есе жіберді.

Оның қарсыласы ресейлік Евгений Тищенко болған. Төрешілердің барлығы бірауыздан орыс спортшысын қолдап дауыс берді. Кездесу барысында Левит қарсыласынан басым өнер көрсетті. Тіпті бірнеше дәл соққысын дарытып, жекпе-жекте жеңіске жететініне де еш күмән қалдырмаған. Алайда төрешілер күтпеген жерден жеңісті қарсыласына берді.
Ал залдағы жанкүйерлер айқайлап, шулап Тищенконың жеңісі хабарланған кезде қарсылық танытты.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан