Матвиенко: Қазақстанда тұрып жатқандықтан, қазақ тiлiнде сөйлеңіздер (видео)

Жұма, 13 Мамыр , 2016 16:38

Қазақстанда іс-сапармен жүрген РФ Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко елімізде тұрып жатқан орыс азаматтарына қазақ тілінде сөйлеуі керек екенін жеткізді.

4

Сурет ustinka.kz

«Әрбiр халық, ұлт, этнос, әрине, өз тамырын сақтап, өзiнiң отанымен байланысын үзбеуi керек. Бiрақ, басқа елде, қазiргi жағдайда Қазақстанда өмiр сүрсек, бiрiншiден, елдiң заңдарын бiлiп, құрметтеуiмiз қажет. Бұдан бөлек, әлбетте, қазақ тiлiн оқуымыз керек. Халықаралық қатынас тiлі саналатын орыс тiлiнiң болғаны жақсы. Дегенмен, Қазақстанда тұрып жатқандықтан, қазақ тiлiн бiлiп, қазақ тiлiнде сөйлеген жөн», – дейді В.Матвиенко.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге сапарлай келген РФ өкілі Валентина Матвиенконы қабылдаған болатын. Кездесу барысында екі елдің өзара ықпалдастығы, соның ішінде парламентаралық саладағы іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар