Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзатылып бара жатқанына қатты қуанған қыз жұрттың қызу талқысына түсті (видео)

Желіде ұзатылу тойында тұрмысқа шыққанына қатты қуанған қыздың видеосы пайда болды, деп жазады Stan.kz.

Ұзатылып бара жатқанына қатты қуанған қыз жұрттың қызу талқысына түсті (видео)

Желіде тараған видео кадрларынан байқалғандай, той соңында ақ кілемнің үстімен кетіп бар жатқан қыз қатты қуанып, тіпті, қуаныштан қолын көтереді. Оны алдында күтіп тұрған күйеу жігіт алып кетті.

 

Әдетте ұзатылып бара жатқан қыздардың сыңсу айтып, туыстарымен қоштасып, жылап-сықтағанына үйреніп қалған көпшілікті мұндай көрініс таңдандырды. Сондықтан болар, көбі қыздың әрекетін жақтырмай қалды.

«Осылай тұрмысқа шыққан қызды бірінші рет көріп тұрмын», «Қыздар жылап кететін еді. Мына қыздың қуанып, қолын көтеріп, саусағын шошайтып, айқайлап кеткені несі?», «Қылығы орынсыз екен», «Ешкім келіп бетінен сүйіп, қоштаспай жатыр ғой», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Сондай-ақ, пікір қалдырушылардың дені қыздың шашын сынға алды. Десе де оның қатерлі ісік не басқа да дертке шалдыққан болуы мүмкін екенін айтып, көпшілікті «артық сөз айтып, сөкпеуге» шақырғандар табылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау