Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұйқы қанбауы семіздікке алып келеді

Ғалымдар түнімен ұйықтамайтын жандарға артық салмақ пен сусамыр қаупі төнетінін ескертеді. Неліктен?

lazy-man-600x398

Ең бірінші себебін табу қиынға соқпайды. Бәрі ұйқаға батқанда ояу отырған адам өзін әлденемен сергітуі қажет. Оның ең кең таралған түрі – тамақ. Оның үстіне түн жарымында алма не сәбіз жейтіндер қатары сирек. Көбіміз қытырлақ картоп, шоколад, піспенан жегенді жөн көреміз.

Чикаго университеті ғалымдары жүргізген зерттеу жұмысына қатысушылары дәл осылай жасаған еді. Олар күніне үш рет тамақтанып, бір топ 4 сағат, екіншісі 7,5 сағат ұйықтаған. Ұдайы ұйқысы қанбаған қатысушылар тобы әр түн калориясы жоғары тағамдар жеген. Оған қоса күні бойы аштық сезімін сезініп, тағы да жоғары калориялы тағамдармен ауқаттанған.

Ұйқы жетіспеушілігі организмде тағамнан алар ләззатты арттыратын химиялық реакцияны іске қосады. Нәтижесінде 4 сағат қана ұйықтаған қатысушылардың организмінде, аштық гормоны, грелин мөлшері артқан. Сонымен бірге лептин мөлшері (тою гормоны) азайған. Осының өзі тойымсыз тәбет арынына жол ашады.

Сонымен қатар ұйқы қанбауы – кортизол деңгейінің күрт өзгеруінің салдарынан туындайтын өте күшті күйзеліс. Кортизол инсулин бөлінуін ұлғайтады. Нәтижесінде мөлшерінің артуы сонша, жасуша рецепторлары оны өндіруден шаршайды. Инсулин мөлшері қалыпқа келген күннің өзінде оларды сезбейтін күйде қала береді. Яғни инсулинге төзімділік пайда болады. Ал ол сусамырдың 2-түрінің пайда болу қаупіне әкеледі.

Салмаққа жауап беретін кортизол…

Түн жарымында ұйқыға жату әдеті салмақ қосудың ең жылдам жолы.

«Бұл ретте тағы да картизол кінәлі. Ол инсулиннің шамадан тыс мөлшерде бөлінуіне сеп болады. Нәтижесінде қандағы глюкоза деңгейі төмендейді. Дәл осы себепті аштық сезімі мен түндегі тойымсыздық пайда болады. Әсіресе қарапайым көмірсуларға деген әуестік үдей түседі», – дейді танымал диетолог Михаил Гаврилов.

…және мелатонин

Сонымен қатар түнгі сергектік біздің биоырғағымызды жаңылдырып, зат алмасу процесін бұзады. Ең алдымен мелатонин бөлінуі бұзылады. Бұл гормон тәуліктік режимді бақылап қана қоймай, күні бойы жинақталған майды глюкозаға айналдыруға көмектеседі. Мелатонин бөлінуінің үдемелі уақыты түнгі 12-ден таңғы 4-ке дейінгі аралықты қамтиды. Егер адам ұйқыға кеш жатса, мелатонин аз бөлініп, май қайта өңделмей, қорда қала береді. Ал үнемі кеш ұйықтайтын болсаңыз, қордағы жұмсалмаған май жинала беріп, ақырындап салмақ қоса бастайсыз.

Ал түнімен сессияға дайындалатын студенттер ше? Немесе қауырт режимде жұмыс істейтін адамдар ше? Кейде олар қатты шаршағаннан тамақтануға да

«Егер аз ұйықтап, аз тамақтансақ, айтарлықтай арықтаймыз деген пікір үлкен қателік болып табылады. Біз калорияның тәуліктік мөлшерін азайтқанда не болады? Организм күш-қуатты үнемдей бастайды.  Нәтижесінде май қорының пайдаға асуы мен тәбет бақылауына жауап беретін барлық зат алмасу процесінің жылдамдығы бәсеңдейді. Осы кезеңнің өзінде кей адамдар артық салмақ қосады. Адамның мұндай тәртіппен ұдайы өмір сүрмесі анық. Әйтеуір бір уақытта әдеттегі тамақтану тәртібіне көшетін сәт туындайды. Ал организм жаңа тәртіпке әлдеқашан бейімделіп қалған. Зат алмасу процесі баяулаған кезде ол тағамның мұндай мөлшерін көтере алмайды. Майды жұмсаудың орнына оны жинақтай береді», – дейді диетолог Наталья Григорьева.

Талқылау