Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұйқы қанбаудың жаңа қаупі анықталды

Германиядағы Кельн университетінің ғалымдары ұйқысы қанбаған адамның зиян тағамдар жегісі келіп тұратынын, сонымен қатар артық салмақ тастай алмайтындығын анықтады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ұйқы қанбаудың жаңа қаупі анықталды

Бұл туралы Eurekalert! баспасөз хабарламасында айтылған.

Зерттеуге 19-33 жас аралығындағы 32 адам қатысқан. Еріктілерге арасына бір апта салып екі рет МРТ жасалды. Миды компьютерге түсірер алдында зерттелініп жатқан адамдар тамақ ішіп алып ұйықтаған немесе түні бойы лабораторияда жұмыс істеген. Таңғысын еріктілердің тамаққа тәбеттері тексерілді. Олар тамақ пен жемейтін нәрсе екеуінің арасында таңдау жасау керек болды.

Алдымен қатысушылар заттың орнына берілетін ақша көлемін есептеді. Компьютерге түсер алды оларға таңдау үшін екі секунд уақыт беріледі және оның ақшалай көлемі ұсынылады. Компьютерге түскеннен кейін оларға заттарды мүлде төмен бағамен ұсынған.

Анықталғандай ұйқының қанбауы тамақтың бағасын басқа заттармен салыстырғанда әлдеқайда көбейтуге әсер етеді. Сонымен қатар, шешім қабылдау кезінде жауап беретін мидағы бадамша пішінді денеде және гипоталауста аса белсенділік байқалған. Ғалымдардың айтуынша, бұл артық тамақ жеуге және артық салмақ жинауға әкеп соғады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау