Ұятсыз клип түсірген Нұрболат Абдуллин жұрттың көңілін қалдырды (видео)
Қазақы әндерімен әрі қоңыр үнімен көптің көңілін баураған Нұрболат Абдуллин тыңдарманының көңілін қалдырды. Әнші ұятсыз мәнде бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Сен мені тыңда” клипінде ашық кадрлар бар. Сондықтан оны 16 жастан асқандарға ғана көруге рұқсат етілген.
Бейнебаян желісі шытырман оқиғаға толы шетелдік боевиктерге ұқсас. Сапасы да жоғары екені әрі қыруар қаржы жұмсалғаны көрініп тұр. Алайда көрерменнің көңілін табу үшін бұл жеткіліксіз.
Тыңдармандарға Нұрболаттың ерсі қылықтарды ашық көрсетіп, экранға шығарғаны ұнамаған.
“Біздің әншілер жақында төсек қатынасын да көрсететін шығар”, “Нұрболаттың әйеліне сабыр, сабыр”, “Өте-өте жиіркенішті, әндерін тыңдағым келмей қалды, жақсы көретін едім”, – деп шамданды тыңдармандар.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"