Ұялы телефонның зияндылығы дәлелденді

АҚШ-тағы Толидо университетінің ғалымдары түнде смартфондардың экранынан шығатын көгілдір жарықтың көзге әсер етіп, көру қабілетінің нашарлауына себеп болатынын анықтады.

Ұялы телефонның зияндылығы дәлелденді

Бұл туралы Science Alert басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жас келе адамдардың көзінің тор қабығы бүліне бастайды. Ал, ол өз кезегінде 55 жастан асқан адамдардың көру қабілетінің нашарлауына және соқырлыққа әкелуі мүмкін.

Оның үстіне, жас келе көздің ішкі тор қабығының клеткаларын қоректендіретін тамырлар да өледі. Ал, көк және күлгін диапазондағы жарықтар көздің торының бұзылуын одан әрі асқындырады. Бірақ, ғалымдар бұл әсердің қаншалықты маңызды екенін білмеді.

Тор қабығының зақымдануы бұралған ретинал формаларынан, яғни туынды А витаминінен пайда болады. Олардың уытты қасиеттері бар. Денемен, бұл ауруды емдеуге болады. Кейбір адамдарда ол бірден жазылмай, керісінше патогенді формалар жинала береді. Нәтижесінде мембраналардың жасушаларында фосфолипидтің атқарымдары бұзылады. Соның салдарынан кальцийдің деңгейі көтеріліп, жасушалар формаларын өзгертіп, өліп қалады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар