Ұялы телефондар туралы 7 қызықты мәлімет

Ұялы телефонның пайда болуы адамзаттың соңғы жарты ғасырда жеткен ең керемет жетістіктерінің бірі болды. Ешқандай өнертабыс телефон секілді біздің күнделікті өмірімізге және ақпараттың таралу жылдамдығына терең әсер ете алмайды. Соған байланысты Stan.kz ақпараттық агентті осы ғажайып техникамен байланысты бірнеше қызықты деректер ұсынады.

Ұялы телефондар туралы 7 қызықты дерек

1.«Смартфон» термині алғаш рет 2000 жылы Ericsson компаниясы Ericsson R380 телефонын жарнамалаған кезде енгізілді. Құрылғы Symbian OS v5.1 бақылауымен жұмыс істеді және қайырмалы қақпақтың астындағы біртүсті сенсорлық экранға ие болды.

2. Кез-келген заманауи смартфонның өнімділігі, соның ішінде әрқайсымыздың қолымыздағы телефон, NASA-ның Аполлон бағдарламасы аясында адамды айға қондыруды есептеу және бақылау үшін пайдаланған барлық компьютерлердің жалпы қуатынан асып түседі.

3. Жапонияда телефондардың 90%-ы ылғалдан қорғайтын корпуспен жасалады. Себебі жапондық жастар тіпті ванна мен душқа түссе де қолдарынан телефондарын тастамайды.

4. Ұялы телефонды жоғалтып алу немесе байланыссыз қалу қорқынышы номофобия деп аталады. Бұл термин алғаш рет 2010 жылы ұялы байланыс пайдаланушыларының әдеттеріне арнап жүргізілген зерттеуде қолданылды. Сол кезде сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы ұялы телефонын жоғалтқан кезде және оның қуаты таусылғанда немесе қаражаты біткенде, сондай-ақ желіден тыс жерде жүргенде қатты алаңдайтындарын мойындады.

5. Әлемдегі ең сәтті шығарылған телефон Nokia 1101. Бұл телефон 2003 жылы шығарылғаннан бері 250 миллионнан астам құрылғы сатылды. Бұл телефондар арасында ғана емес, сондай-ақ жалпы электронды гаджеттер арасында рекорд болып табылады. Қазіргі уақытта аталған модель өндірістен алынып тасталды.

6. БҰҰ-ның 2013 жылы жарияланған есебіне сәйкес, ұялы телефон иелерінің саны дәретханасы бар адамдар санынан әлдеқайда асып түседі. Бүгінде жеті миллиард адамның алты миллиарды ұялы телефон ұстайды. Бірақ, тек оның 4,5 миллиарды ғана лайықты санитариялы-гигиеналық жағдайда өмір сүреді.

7. Ұялы телефон лақтыру – Финляндия, Бельгия және басқа да көптеген елдерде танымал спорт түрі болып табылады. 2014 жылы осы спорт түрі бойынша өткен кезекті әлем чемпионатында жаңа әлемдік рекорд орнатылды. Онда қатысушы телефонын 110,42 метр қашықтыққа лақтырып әлемдік рекорд орнатты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар