Ұялы телефондар туралы 7 қызықты мәлімет
Ұялы телефонның пайда болуы адамзаттың соңғы жарты ғасырда жеткен ең керемет жетістіктерінің бірі болды. Ешқандай өнертабыс телефон секілді біздің күнделікті өмірімізге және ақпараттың таралу жылдамдығына терең әсер ете алмайды. Соған байланысты Stan.kz ақпараттық агентті осы ғажайып техникамен байланысты бірнеше қызықты деректер ұсынады.

- «Смартфон» термині алғаш рет 2000 жылы Ericsson компаниясы Ericsson R380 телефонын жарнамалаған кезде енгізілді. Құрылғы Symbian OS v5.1 бақылауымен жұмыс істеді және қайырмалы қақпақтың астындағы біртүсті сенсорлық экранға ие болды.
- Кез-келген заманауи смартфонның өнімділігі, соның ішінде әрқайсымыздың қолымыздағы телефон, NASA-ның Аполлон бағдарламасы аясында адамды айға қондыруды есептеу және бақылау үшін пайдаланған барлық компьютерлердің жалпы қуатынан асып түседі.
- Жапонияда телефондардың 90%-ы ылғалдан қорғайтын корпуспен жасалады. Себебі жапондық жастар тіпті ванна мен душқа түссе де қолдарынан телефондарын тастамайды.
- Ұялы телефонды жоғалтып алу немесе байланыссыз қалу қорқынышы номофобия деп аталады. Бұл термин алғаш рет 2010 жылы ұялы байланыс пайдаланушыларының әдеттеріне арнап жүргізілген зерттеуде қолданылды. Сол кезде сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы ұялы телефонын жоғалтқан кезде және оның қуаты таусылғанда немесе қаражаты біткенде, сондай-ақ желіден тыс жерде жүргенде қатты алаңдайтындарын мойындады.
- Әлемдегі ең сәтті шығарылған телефон Nokia 1101. Бұл телефон 2003 жылы шығарылғаннан бері 250 миллионнан астам құрылғы сатылды. Бұл телефондар арасында ғана емес, сондай-ақ жалпы электронды гаджеттер арасында рекорд болып табылады. Қазіргі уақытта аталған модель өндірістен алынып тасталды.
- БҰҰ-ның 2013 жылы жарияланған есебіне сәйкес, ұялы телефон иелерінің саны дәретханасы бар адамдар санынан әлдеқайда асып түседі. Бүгінде жеті миллиард адамның алты миллиарды ұялы телефон ұстайды. Бірақ, тек оның 4,5 миллиарды ғана лайықты санитариялы-гигиеналық жағдайда өмір сүреді.
- Ұялы телефон лақтыру – Финляндия, Бельгия және басқа да көптеген елдерде танымал спорт түрі болып табылады. 2014 жылы осы спорт түрі бойынша өткен кезекті әлем чемпионатында жаңа әлемдік рекорд орнатылды. Онда қатысушы телефонын 110,42 метр қашықтыққа лақтырып әлемдік рекорд орнатты.
Талқылау
"Денсаулық сақтау министрлігі айыппұл салады екен": Қоғам белсендісі өз емханасынан ақылы түрде де ем ала алмай жүргеніне шағымданды
Медициналық ұйым ТМККК және МӘМС жүйесіне кіретін медициналық қызметтер үшін ақы алса, ұйымға айыппұл салынады
Алматылық қыз көшеде "құпия жәшік" ұсынғандардың ұтыс ойынына қатысып, сан соғып қалды
Алматылық қыз бір күн бұрын өзінің 30 мың теңгеге сан соғып қалғанын айтып, басқаларға ескерту жасады