Ұялмай үйден тамақ ішіп, бізбен бірге қызымызды іздеді: Өлі табылған қыздың анасы күдікті туралы айтты
Алматыда өлі табылған 19 жастағы қыздың ата-анасы, мен қыздың сынып жетекшісі, сыныптастары күдікті жігіттің өте қызғаншақ болғанын айтты, деп хабарлайды КТК.
Фото: Instagram
Валерия Погребнякты полицейлер мен туыстары, еріктілер 1 апта іздеді. Бойжеткені өлі күйінде табылды. Болжам бойынша, оны жігіті өлтіріп, көміп тастаған. Айтуынша, қызғаныштан өлтірген.
Ата-анасы қызының өлгенінен әлі сене алар емес.
“Мұндай қаскүнемдерді жазалау керек. Біздің үйден тамақ ішіп, күліп отырды. Бір апта іздедік. Ол еш амалы жоқ екенін айтты. Ал, шындығында өзі өлтірген екен, нақұрыс”, – дейді қыздың анасы Елена Погребняк.
Жігіті Владимир жауап беру кезінде бәрін шатастырып, нақты нәрсе айта алмады. Ақыры өзі өлтіргенін мойындады.
Қыз бен жігіт 3 жыл кездескен. Осы уақытта жігіт қыздың әр қадамын аңдып отырған. Үнемі ұрысатын.
“Ол қызды қатты жақсы көрді. Лера да жақсы көрді. Ешкім ештеңе түсіне алар емес. Жігіт жақсы бала. Есі дұрыс. Ішімдік ішпейтін, темекі шекпейтін, есірткіге әуестігі жоқ, сабағы да жақсы еді”, – дейді сыныптасы Ирина.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Валерияны жақын күндері жерлейді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.