Қоқысқа кеткен миллиондар: 1 қыркүйекте ұстаздарға гүл сыйлау міндетті ме?

Дүйсенбі, 5 Қыркүйек , 2016 17:54

Бүгінгі таңда гүл шоғын сыйлауға қатысты түрлі пікір өрбіген. Бірі мұны сыйластық нышаны десе, енді бірі ысырап деп бағалауда. Ал осы мәселеге қатысты сіздің пікіріңіз қандай? Stan.kz осыған орай, гүл шоқтарының мереке мен мейрамдардан кейінгі тағдырын анықтауға тырысты.

3E0A9590

Адамдар белгілі бір жиын-тойға, туған күн кешіне барғанда өздерімен бірге гүл шоғын ала баруға тырысады. Мұнымен қатар, Білім күні қарсаңында оқушылар ұстаздарын гүлмен қуантуға асығады. Олар әдетте әдемі қағазға оралған немесе ыдысқа отырғызылған гүлдерді таңдайды.

Осы уақытқа дейін ыдысқа отырғызылған гүлді сыйлауға көпшілік қарсылық білдіріп келді. Бұл қарсылықтарын гүлмен бірге топырақ сыйлаудың дұрыс еместігімен байланыстырды. Мұны “адамға өлім тілегенмен бірдей” дейді олар. Десе де, соңғы уақытта ұстаздарға кез келген гүл түрін сыйлауды құптамайтын ата-аналардың қатары көбейген. Олардың бұл пікірлеріне ертесінде-ақ қоқыстан табылатын гүл шоқтары себеп болса керек.

3E0A9263

3E0A9254

3E0A9286

3E0A9291

“Менің үлкен ұлым университетте білім алып жатыр, ал кіші ұлым 6 сыныпта оқиды. Жыл сайын 1 қыркүйекте өзімен бірге міндетті түрде гүл мен бір қорап шоколадын ала барады. Балам дүкенде тұрғанымызда гүлдің ең әдемісін таңдайды. Ал ол өз кезегінді қымбат болады. Оның үстіне Білім күні қарсаңында сатушылар гүлдердің бағасын аспандатып жібереді. Бір гүл шоғын шамамен 3 500-5 500 теңгеге аламыз. Мысалы, биыл 5 500 теңгеге алдық. Мен мұның барлығын жұмсалған ақшаға бола айтып жатқаным жоқ. Себебі, жыл он екі ай жұмыс істейміз.

3E0A9336

3E0A9377

3E0A9330

3E0A9359

Неге балапанымыздың тілегін орындап, өзі қалаған гүлді алып бермеске?! Ол не сұраса да алып беруге дайынмын. Бар болғаны ертесінде-ақ сол гүл шоқтарының қоқыста жататынына ішім ашиды. Тіпті, айналамыздағы арықтың іші гүлге толып, жапырақтары көше бойында жатады. Одан да сол гүлдердің ауламызда жайқалып өсіп, хош иісімен қуантқаны артық емес пе?! Бұл сөздерімнен кейін ұстаздарымыз ренжімейтін шығар деген үміттемін (Күлді.)”, – дейді Бұлбұл Шілікбайқызы.

3E0A9406

3E0A9426

3E0A9381

3E0A9433

Бұлбұл ханым гүл сыйлауға түбегейлі қарсы. Алайда ол кісінің пікірін құптамайтын өзге ата-аналар да бар. Мысалы, 3 баланың анасы Гүлчахра Міржақыпқызы ұстаздарға деген сый-құрметін осы гүлдер арқылы көрсететіндігін айтып жатыр.

3E0A9444

3E0A9435

3E0A9483

3E0A9557

“Әрине, гүл сыйлауға болады, болмайды деп кесіп-жарып пікір айта алмаймын. Ол әркімнің қалауындағы дүниелер. Мысалы, менің 3 балам дәл қазір №143 мектеп-лицейде білім алып жатыр. Білім күні қарсаңында гүлдер қанша қымбат болса да, әрқайсысына бір-біреуін алып беремін. Ұстаздардың көбісі – нәзік жандылар. Ал гүл – сол нәзік жандылардың жүрегін елжіретіп, ерекше күш-қуат сыйлайтын құрал.

3E0A9456

3E0A9536

3E0A9506

3E0A9529

Қазір ұстаздарға сый-сияпат ретінде ақша да, бір қорап кәмпит те ұсына алмайсың. Мұны жұрт пара деп түсінеді. Сондықтан гүл сыйлағанда тұрған еш әбестік жоқ секілді. Кей адам мұны ысырап дейді. Бірақ оны шетелден алып келген немесе өсіріп-баптаған адамның еңбегі өтелуі тиіс қой. Меніңше, гүлдер сатылмай, бірден қоқысқа кетсе, нағыз ысырап сонда болмақ. Қоғамның тұрмыс-тіршілігі осындай майда айналымдармен тікелей байланысты. Осы күнге дейін гүл сыйлап келдік және оны сыйлай бермекпіз”, – дейді Тұранқұлова Гүлчахра Міржақыпқызы.

image

3E0A9548

3E0A9567

3E0A9623

Бұл мәселеге қатысты ұстаздардың да өз айтары бар. Мысалы, бастауыш сынып мұғалімі Ақмарал Әбдіраманқызы да гүлдердің тек бау-бақшада жайқалып тұрғанын қалайды. Ұстаз өздеріне гүл сыйланбаса еш ренжімейтіндігін айтуда. Ал сіздің осы мәселеге қатысты пікіріңіз қандай? Білім күнінде немесе өзге мерекелерде гүл шоғын сыйлаған дұрыс па? Бәлкім сіз де мұны ысырап деп ойлайтын шығарсыз? Ойыңызбен бөлісе отырыңыз, оқырман! Біз өз кезегімізде ата-аналар мен оқушыларға келесі жылдан бастап гүлге жұмсалатын ақшаны жағдайы жоқ балаларға беруді ұсынамыз. Осы науқанның негізінде көптеген оқушы ел қатарлы киініп, мектепке қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп алатын еді. Ұсыныстың дұрыс-дұрыс еместігіне қатысты ойыңызды төменде пікір ретінде жазып қалдырыңыз.


Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда алма ағаштары қайта гүлдей бастады

Алматылықтар Өзбекстан елшілігіне гүл шоқтарын әкелуде

Ерке Есмаханның ғашығы оның төсегін гүлмен көмкерді (фото)

Астана көшелерінде гүлзардың орынына картоп дақылы отырғызылған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар