Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Ұшақтың ұшу уақыты өзгертілгеніне ашуланған ер адам өз заттарын өртеп жіберді (видео)
Пәкістандағы әуе желісінде рейстің уақытың өзгертіліп, өз кезегінде бұл жайт жолаушыларды қатты ашуландырды. Тіпті, ызаға булыққан ер адам әуежайда өзінің қол жүгін өртеп жіберді.

Бұл туралы Travel&Leisure басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Басылым мәліметінше, PIA PK-607 рейсі сағат 07:00-де Гилгитадан ұшып шығуы тиіс болған. Алайда бастапқыда ол техникалық себептерге байланысты кешіктіріліп, артынша ауа райының жайсыздығының салдарынан ұшу уақыты өзгертіледі.
Осы кезде жолаушылар шу шығарып, әуежай қызметкерлерін итере бастаған. Тіпті, наразы болғандардың біреуі өзінің заттарын өртеп жіберді.
Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт тез арада сөндірілді.
Ал әуе компаниясының өкілдері жолаушыларға мейманханадан бөлме ұсынылғанын және олар келесі рейсті сол жерде күтетінін мәлімдеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"