Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақта тұрып тұратын орындар пайда болады

Итальяндық Aviointeriors кресло өндіруші тұрып тұруға арналған орындардың дизайнын жасап шығарды. Ол осылайша ұшақтағы адам сыйымдылығын 20 пайызға арттыруды көздеп отыр.

Ұшақта тұрып тұратын орындар пайда болады

Бұл туралы CNN арнасына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Су жаңа Skyrider 2.0 моделі Германияның Гамбург аймағында өткен Aircraft Interiors Expo 2018 форумында таныстырылды.

Өндірушінің сөзіне сенсек, мұндай орындықтар тығыздықты арттырып, қатар арасын жақындатуға мүмкіндік береді.

Skyrider орындығының дизайны ертоқымға ұқсайды. Өнертапқыш оны 2010 жылы ойлап тапқан. Алайда ол шақта АҚШ азаматтық авиациясы федералды басқармасы бұл идеяны қабылдамаған.

Aviointeriors өкілінің сөзіне сенсек, ковбойлар осындай қалыпта сағаттап тұрған. Әрі ешқандай жайсыздық сезінбеген. Мұндай тұрып тұруға арналған креслолар қысқа мерзімді рейстерге қолайлы болмақ әрі әуекомпания табысын арттырмақ.

Тағы оқыңыз: 

Көліктің әйнегіне жабысып алған жылан автокөлік иесін сыртқа шығармай қойды

7 миллиард ішінде жалғыз: 8 жасар бала дәрінің көмегінсіз ракты соңғы сатысында жеңіп келеді

Жердің жанынан қаланы жойып жіберетін күші бар үлкен астероид ұшып өтті

Голливуд сүйіктісіне айналған 53 жастағы миллиардер ауырғанды басатын дәрілерді ішіп қайтыс болды

Талқылау