Басты жаңалықтар
Бортта адам жүрегі қалып қойған соң ұшақ артқа қайтуға мәжбүр болды
Сиэтл-Даллас рейсімен ұшқан америкалық авиалайнердің бортында адам жүрегі табылды. Ұшақ артқа қайтуға мәжбүр болды. Бұл туралы BBC басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Southwest Airliness әуекомпаниясының хабарлауынша, трансплантацияға арналған адам жүрегі арнайы контейнерде Калифорниядан Сиэтлге жеткізілген. Жүрек белгілі бір адамға донорлық мақсатта берілмеген.
Сиэтлдегі ауруханада дәрігерлер жүректен қақпашаны алу керек болған. Бірақ контейнер ұшақта қалып қойған. Адамдар оның жоқ екенін ұшақ Далласқа жетіп қалғанда байқаған.
Оқиға жексенбі күні орын алды. Ал ол жайлы анық ақпарат бейсенбі күні белгілі болды.
Талқылау

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
Мамандар мұнай қоры таусылса, экономиканы әртараптандыру керек деп санайды

"Өз аяғымен кірген бауырымның денесін 2 сағаттан соң алып шықтық": Дәрі еккеннен көз жұмған шымкенттік оқушының туыстары бауырының өліміне дәрігерлерді кінәлайды
Марқұмның ағасы бауырының бұған дейін мүлдем ауырмағанын айтты