Ұрланған қымбат телефондар мен алтын әшекейлер ломбардта арзанға сатылып жатыр
Былайғы өмірде өте қымбат мынадай телефонды, тым арзан ақшаға сатып алуға болады. Қара базарға барып, біртүрлі адамдармен кездесудің керегі жоқ. Айфонды да, басқаны да заңды түрде аласың. Ол ломбард.
Ол қымбат зат-әшекей ломбардқа қайдан түсіп жүр? Айлығы ай соңына жетпей қалатындар, үйдегі ең қымбатты осында әкеледі, деп хабарлайды Евразия.
Мұндағылар кепілге деп әкелген затыңды салмақтайды, қарайды. Сосын, телефоныңды мынанша теңгеге бағалап отырмын. Осынша күнде қайтар,-деп ақша береді. Өкінішке қарай, ломбардтың дені – кепілге қойған затыңызды өзінің бағасынан анағұрлым кем бағалайды. Екіншіден, уақытында берген ақшасының үстіне үстеме қосып, затыңызды кері алмасаңыз, бітті. Ломбард 2-3 күн күткен болады да, бұйымыңды сатып жібереді. Қарызды кешіктірген бұқара, кепіл затын алғаннан, айырылғанға мақұл,-дейді. Себебі, ломбардтардың айыппұл проценттері 500-600-ге, тіпті 900-ге дейін барады.
«Егер дер кезінде қайтармасаң» деп басталатын ережені бұлар жұрттан жасырмайды, көрсетеді. Бұқара да, ереже-шарттың ауыр екенін көріп тұрса да, көнеді. Неге? Себебі ақшасы жоқ. Ал ондай проценттерге неге келіседі? Өйткені басқа амалы жоқ.
«Халықтың жағдайы қысылғаннан кейін амал жоқ ақшалары жетпейді, зартплата аз, жұмыс жоқ. Аз болса да салады тапқан таянғанын. Бұл ақша табудың ломбардтықтар үшін ең жақсы жолы. Ашып жатыр. Ломбрадтан көп нәрсе жоқ».
«Қазір адамдарда ақша-ақша дейді ғой. Жұмыс табылмай, кейде болмай жатады. Сол кезде қысылғаннан амал жоқтан өткізеді».
Ломбардта тым арзанға сатылып жатқан бұйымдар қарызын дер кезінде қайтара алмағандардың ғана мүлкі емес. Соңғы уақытта, ешбір мемлекеттік орган тарапынан бақыланбайтын ломбардтар ұрланған заттардың жиі түсетін орнына айналып отыр. Бөтеннің мүлкін қолды қылған ұры-қары оларды бұрынғыдай көшедегі өткен-кеткенге саудалап тұрмай, ешбір кедергісіз ломбардтарға өткізіп, қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кететін болып жүр… Кезінде, Жақып Асанов осылай деп шырылдап еді.
«Ломбардтар ұрланған мүлікті сату орнына айналды. Ұрлық жасап, мүлікті ломбардта өткізіп жіберуге болады. Бұл басқа елдерде мүмкін емес дүние. Енді ломбардтар мүлік өткізетіндерді суретке түсіретін болады. Осылайша біз мүлікті заңдылығын тексереміз. Болашақта қылмыскерлер ломбардқа ұрланған зат өткізбейтін болады» – дейді ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов.
Өкініштісі сол, ломбардтар қысылғанда кепілге затын қойып ақша алатындардан жеке куәлігінен басқа құжат сұратпайды. Тұтыншуларды суретке түсіру тұрмақ, кепілге қоятын дүние-мүліктің құжаты талап етілмейді.Қылмыстық жолмен тапқандарын ақшаға айналдырғысы келетін сұғанақтарға керегі де осы емес пе?! Осылайша ұрылардың қолды қылған қымбатұялы телефондары мен әшекей бұйымдарын ломбардтар сатып беріп отыр.
«Меніңше бұл дұрыс емес. Бұған үлкен тыйым салу керек. Құзырлы құқық қорғау органдары, лицензия беретін арнайы мемлекеттік органға жауапкершілікке тартылуы керек» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен.
Астанада, 150-ден астам ломбард бар. Ал, Сәндібек Дүйсенбеков сондай көп мекеменің бірінің иесі. Бұл бизнесте жүргеніне 10 жылға жуықтаған. Күніне, алтын-күмісін арқалап кемі 30-40 адам келеді екен. Айтты ғой, арасында ұрлықы затты көтере келгендер де көп болады,-деп. Бірақ, бұлар адамның ұры, ұры еместігіне назар аударады.
«Ішкі істер басқармаларымен жұмыс жасаймыз. Әрбір районда қандай обьект тіркелген сол бойынша. ІІБ арнайы хаттамалар жібереді. Ұрланған, ұрлайтын адамдардың тізімін жібереді. Сол бойынша біз филиалдарға жібереміз. Бізге адам келгенде сол тізімнен өтеді. Содан кейін барып қаралады» – дейді ломбард директоры Сәндібек Дүйсенбеков.
Сонда ұрланған тауарлар қайда өткізіледі? Кәсіпкер мұндай махинациямен көбінде-көп бүгін бар, ертең жоқ ломбардтар айналысады дейді. Өкінішке қарай, ондайлардың саны өте көп. Айтпақшы, Астанадағы ломбардтар биыл афинаж зауытына жарты тонна алтын бұйым өткізіпті. Сол балқып кеткен алтынның ішінде, қаншасы ұрлықы болды екен? Оны енді біле алмаймыз. Бірақ, заңгер Жандос Тұяқов әрбір алтын бұйым сатылар да қосымша құжат берілсе қадағалаудың машатақаты азаятынын айтады.
«Қазіргі жағдайдың өзінде көбіне құжат талап етілмейді алтынға. Аса бір қымбат коллекциялық бұйымдарға ғана беріліп отырады. Сондықтан сол бұйымдардың құжаттары бар. Енді біз ломбардтың жұмысын, механизмін реттеу үшін бірінші біз сатылып жатқан алтындарға оның өзіне тән белгілі, құжатын, иесін толтырып отырсақ онда ломбардтқа жұмыс жасау оңай болады және ломбардқа сондай талап қою керек» – дейді заңгер Жандос Тұяқов.
Ломбард ашу үшін құшақ-құшақ құжат жинаудың қажеті шамалы. Мұны кәсіпкерлер мойындап отыр. Ең бастысы бұл бизнесті ұстап тұру. Сондықтан ұрланған затты қабылдайтын орталықтарды тыю үшін жауапкершілікті арттыру керек деген ойлар да айтылды.
Тиынның екі жағы бар. Аталған тақырыпты талқылай отырып, тағы бір мәселенің күрделенгенін байқадық. Халықтың өмір сүру деңгейі төмендеген. «Егер ел азаматтары жалақыға дейін ақшасын жеткізе алмай, үстіндегі киімінен бастап, таққан бұйымына дейін апарып өткізетін болса бұл ойланатын проблема» -дейді Ирина Смирнова.
«Егер ломбард зат өткізіп жатқан адамнан құжат талап етіп, бұл дүниені қайдан алдың деп сұрамаса, ұрланған бұйымдарды қабылдай беруі әбден мүмкін. Осы арқылы қылмыстың саны артады. Бірінші кезекте үкімет бұған назар аударуы керек. Себебі, елімізде өмір сүру деңгейі күрт төмендеп кетті. Ал Ішкі істер министрлігі ұрлық тура көз алдында жасалып жатқан жоқ па? Осыны анықтауы тиіс» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова.
«Анықтау керек, реттеген дұрыс». Көбіне еститініміз осы. Жауапты органдар көлеңкелі бизнеспен, ұрлықпен күресіп жүргенде күніне мың тауарды қабылдап, қайта сатып жатқан ломбардтарды ұмытып кетпесе болғаны.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.