Универсиада-2017 ойындарында оператор ерекше би билеп жұрттың көңілін көтерді (видео)
Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 ойындарын түсіріп жатқан оператор ерекше би билеп жұрттың назарын өзіне аударды. Ол камераның алдында жұмыс істеп тұрған сәтте құлаққапты киіп алып, ешкімге қарамастан Майкл Джексонның қимылдарын жасай бастаған. Алаңға жиналған көрермендер бірден оның биін видеоға түсіре бастапты.
Видеодан оператордың рақаттана билеп демалып тұрғанын аңғаруға болады. Ол өз жұмысын осындай құштарлықпен атқарып тұр ма әлде, залдағы жұмыстан жалығып өз көңілін осылайша көтерді ме белгісіз.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды