Унитаздан шыққан: Қоғамдық дәретханаға барған 5 жасар қызды кобра шағып ала жаздады 

Оңтүстік Африканың Претория қаласының тұрғыны қоғамдық дәретханадан кобраны көрген. Бұл кезде оның 5 жасар қызы унитазда отырған екен.

Унитаздан шыққан: Қоғамдық дәретханаға барған 5 жасар қызды кобра шағып ала жаздады

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Джульетт Роос 5 жасар қызын қоғамдық дәретханаға алып барғанда жыланды көрген. Кішкентай қыз кобраны байқамай, унитазға отырыпты.

«Мен оны тұрғызбақ болғанымда унитаздан қарап тұрған жыланның басын көрдім. Бірден денем суып кетті. Алайда қызымды шошытқым келмеді, сондықтан оған бұрылмауы керектігін айттым», - дейді әйел. 

Роос жыланға жалғыз өзінің шамасы жетпейтінін түсініп, күйеуін көмекке шақырған. 

«Ол жерде өрмекші бар шығар деп ойладым. Бірақ унитаздан жыланды көремін деп ойламадым. Дене түршігіп кетті», - дейді күйеуі. 

Мұнан кейін Йохан перде ілгіштен ілмек жасап, сонымен жыланды унитаздан алып шықпақ болған. Алайда бұл мүмкін болмапты, себебі жылан жасырынып қалған. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр