Ұлын ұрып-соққаны үшін ұсталған азаматтың туыстары оқиға орнына жиналды

Кеше Алматыдағы Шығыс айналма жолында тал түбінен табылған баланы туған әкесінің ұрып-соққаны анықталған болатын. Алайда, бұл жантүршігерлік жаңалықты естіген Мұрат Асқароғлының туыстары қайғылы оқиға орын алған жерге жиналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп.

Алматы қаласының ІІД-нің мәліметінше, өткен түні оқиға орнына жиналған Мұрат Асқароғлының туыстары мен көршілеріне ең алдымен, жедел-тергеу іс-шаралар кешенінің нәтижесінде алынған іс материалдары түсіндірілді.

«Мен жиналғандармен өзім жеке сөйлестім. Сындарлы диалог жүргізілді. Олар қойған сұрақтарына толық жауап алды. Мұрат Асқароғлының туыстары онымен кездесуге тілек білдірді. Содан департаменттің ғимаратында Асқароғлының жақындары онымен бетпе-бет сөйлесті. Мұрат оларға сол күні болған оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап берді. Осы кездесуден кейін жиналғандар тергеудің нақтылығына көздері жетіп, бұл туралы басқа туыстарына хабарлады. Содан кейін бәрі өз жөндеріне кетіп қалды»,- деп хабарлады Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің басшысы, генерал-майор Серік Күдебаев.

Айта кетейік, кеше Алматының шығыс айналма жолынан табылған 5 жасар баланы туған әкесінің таспен ұрып, есінен тандырғаны белгілі болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар