Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлымның досы: Айгүл Иманбаева клипте сүйіктісін сомдаған шетелдік жігіт жайлы

Ұзақ уақыт бойы эстраданы шетке ысырып қойған Айгүл Иманбаева жуырда тыңдармандарына жаңа бейнебаянын ұсынған еді. Әншінің “Сеньорита” атты тың туындысы Прага қаласында түсірілген. Әрі бейнеклипте Айгүлдің сүйіктісін шетелдік азамат сомдаған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлымның досы: Айгүл Иманбаева клипте сүйіктісін сомдаған шетелдік жігіт жайлы

Бейнебаянды тамашалаған көрермендер Айгүлді жаппай сынға алған болатын. Көпшілікке актрисаның сүйіктісін “өзінен әлдеқайда жас әрі шетелдік азаматтың” сомдағаны ұнамай қалған. Бұл туралы Иманбаева “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтты.

“Сұмдық, Айгүлдің болмысы екен. Шетелдің азаматымен түсіпті. “Төсегіне отырып, кофе беретін сахналары бар екен” деп шалқаларынан түсіп қабылдайтын ештеңесі жоқ. Одан кейін мен актрисамын. Қалың көрермен менің театрдағы рөлдерімді көрсе, ол жерде небір образ бар. Сол себепті мен барлығына өнер деп қана қараймын”, – деген Айгүл бейнебаяндағы сүйіктісі жайлы да сыр шертті.

“Бірге оқиды, жақын досы Влад деген. Актерді тап деп балам Асылжанға тапсырғанбыз. Сонымен ол өзінің досын тауыпты. Ол бала менен жас. Бірақ енді барынша гримдеп, жасын ұлғайтып көрсетуге тырыстық. Біз ол клипті Венецияда түсіреміз деп жоспарлаған болатынбыз. Кейін ақыры балама Прагаға баратын болғандықтан, бір оқпен екі қоянды атайық дедік”, – дейді өнер иесі.

Айтуынша, бейнебаянға шетелдік жігітті таңдауының жалғыз себебі бұл емес.

“Қазақстаннан алып бармаймыз ғой. Оның бәрі қырғын ақша. Виза, билет, жатын орны, тамағы… Онсыз да қаншама адам бардық. Сол себепті сол жақтан табуды ұйғардық”, – деп түсіндірді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау