Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлықпан Жолдасов мұңды композицияны Денис Тенге ұсынғысы келіп жүргенін айтты

Әнші, сазгер Ұлықпан Жолдасов  Денис Тенге мұңды композицияны ұсынақ болып жүргенін айтты.

Әнші Денистің қазасын ауыр қабылдағанын айтты. Оған айта алмай кеткен өкінішін жеткізді.

“Осы туындыны алғаш естігенде көзге жас үйірілді. Денис інімді көрсем, мұз айдынында осы әуенге композиция жасасаң, қалай  болады деп ұсыныс айтсам деп жүргем. Енді, міне, Аланияда жүріп қазасын естідім. Көңілді отырғанбыз, бәріміз тұнжырап кеттік. Қазақстанның туын желбіретіп, мәртебесін көтеріп жүрген жап-жас чемпионымызды жоғалтып алғанымызға ішіміз өртеніп кетті”, – деп жазды сазгер парақшасында.

ОСЫ КОМПОЗИЦИЯНЫ,БІРІНШІ ЕСТІГЕНДЕ, КӨЗІМЕ ЖАС ҮЙІРІЛГЕН. ДЕНИС ТЕН ІНІМДІ КӨРСЕМ,ОСЫ ӘУЕНГЕ МҰЗ АЙДЫНЫНДА КОМПОЗИЦИЯ ЖАСАСАҢ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ ДЕП, ҰСЫНЫС АЙТҚЫМ КЕЛГЕН. ЕНДІ МІНЕ АЛАНИЯДА ЖҮРІП ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАНЫ ЕСТІДІМ. КӨҢІЛДІ ОТЫРҒАНБЫЗ, БӘРІМІЗ ТҰНЖЫРАП КЕТТІК. ҚАЗАҚСТАНЫМЫЗДЫҢ ТУЫН ЖЕЛБІРЕТІП, МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРІП ЖҮРГЕН БАУЫРЫМЫЗ,ЖАП-ЖАС ЧЕМПИОНЫМЫЗДЫ ЖОҒАЛТЫП АЛҒАНЫМЫЗҒА ІШІМІЗ ӨРТЕНІП КЕТТІ………….#ДенисТен

Публикация от Lukpan_Zholdasov (@lukpan_zholdasov)

Естеріңізге сала кетейік, кеше танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді бұзақылар пышақтап кеткен болатын. Кейіннен, ауыр жағдаймен ауруханаға түскен спортшының жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланды.

Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. Екінші күдікті – 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы барлық жаңалықты t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау