Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлықпан Жолдасов «әнші» деген атақтан бас тартты

Ұлықпан Жолдасов эстрадамыздағы өнерпаздарды «әнші» немесе «орындаушы» деп 2-ге бөлгенді қалайды. Бүгінде EXPO-ның құрметіне жеке ән кешін дайындап жатқан музыкант, өзін соңғы топтағы танымалдардың тізімінен көреді! Неліктен?! Айырмашылығы қандай?

17332842_150657372123404_3731534824477818880_n

Жолдасов өткен жылы ғана қос астанамызда композиторлық кешін өткізді! Енді, елордада жоспарланған тағы бір жеке концертіне қызу дайындық үстінде, деп хабарлайды НТК арнасының «Ревю» бағдарламасы.

Ұлықпанның осыған дейінгі ән кеші 13 жыл бұрын өтіпті. Сағынған тыңдарманы, бұл жолы өнерпазға өздері қолқа салған.

«Ұлықпанның бір әнін естімедік. Кілең әншілерді топырлатып өлең айтқызды да, өзі өлең айтпай кетіп қалды деп айтып жатады да. Сондықтан, бір жағынан ұсыныстар болды, сосын осы жылы айтып көрсең қалай болады деп, қарап отырсам 2007-ден бір айтпаппын», – дейді Жолдасов.

Шілде айының соңында Астанада өтетін кеш «Табиғатым-махаббатым» деп аталады. Концерттік бағдарламаға 25 ән топтастырған Ұлықпанның командасы, ескі тректерді қайта өңдеп жаңғыртуда. Ал, құрметті қонақ ретінде армениялық Сильва Акопян келмек. Ол Жолдасовтың «Өмір өзен» әнін өз тілінде шырқайды!

«Концерттерінің бәрі аншлаг. Сондаймен өтетін әртіс. Ол жаңағы «ВВС» каналының «Ең жас әнші» ретінде 2006-шы жылы алған 18 жасында. Өте танымал әнші. Соны шақырып отырмын. Содан кейін тағы 1-2 сюрприздер болады», – дейді композитор.

Ұлықпан мықты музыкант болса да, «әнші» деген атақтан ат тонын ала қашып отыр. Себебі, өнер иесі отандық эстрада өкілдерін «әнші», әрі «орындаушы» деп екіге бөледі екен. Жолдасов өзін қарапайым орындаушылар сапынан көреді.

«Мысалы менің әнімді кез-келген көшеде кетіп бара жатқан адамдар орындай алады. Бірақ, дәл мен сияқты жеткізе алмауы мүмкін. Бірақ орындай алады. Ал, әншінікі оның биік шырқау жерлері бар. Неше түрлі мелизмдері бар. Оны орындау әр адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан, әншінің аты – әнші! Біз – орындаушымыз!» – деп түсіндірді Ұлықпан Жолдасов.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота: Дәуренді құлай сүйгендіктен, басында екінші әйелі болуға да келіскем

Ернар Айдар отбасын құрмақ (фото)

Мейрамбек Бесбаев Анталия төрінде Шәмшінің әнін айтып, елді сүйсіндірді (видео)

Баян синдромы: 2 баласы бар келіншек Баянның кітабын оқып, күйеуімен ажырасуға бел буған

Талқылау