Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британияда ер адам балаларын сүндетке отырғызудан бас тартқан әйелімен соттасты

Ұлыбританияда мұсылман ер адам ұлдарын шариғат заңымен сүндетке отығызудан бас тартқан әйелімен соттасты.

Безымянный

Сурет: www.islamnews.ru 

Алжир мұсылманы 4 және 6 жастағы ұлдарын сүндетке отырғызудан әйелі бас тартқан соң сотқа жүгінген.

Ол сүндетке отырғызудың діни жоралғыда бар екенін және оның денсаулыққа, гигиенаның сақталуына пайдалы екенін айтқан.

Алайда, Роберттің арызын қабылдамаған сот төрешісі балалардың есейе келе өздері таңдау жасауы керектігін айтқан.

Айта кетейік, Американың Флорида штатында да дәл осындай жағдай болып, мұсылман ер адам сотта жеңіп шыққан. Тіпті, балаларын сүндетке отырғызудан бас тартқан әйелді сот шешімін орындамағаны үшін тұтқындаған.

Талқылау