Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбритания патшайымы ақтөбелік қыздың хатына жауап жазды

Ақтөбе тұрғыны Зарина Ахметжан Елизавета II патшайымға хат жазып, одан жауап алды.

Патшайымның қазақстандық қызбен кездесе алмайтыны айтылса да, ол оқуын Англияда жалғастымақ, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Зарина бала күнінен ағылшын мәдениетімен сусындап өскен. Ол Ұлыбритания еліне баруды армандаған. Ағылшын тілін меңгеріп, елдің тарихы мен дәстүрімен танысады.

Бойжеткен көп ойлана келе патшайымның өзіне хат жазады. Алайда ол жақтан жауап келеді деп күтпеген.

Кейін патшалықтан хат алғанда, таңданысын жасыра алмады.

«Хатта Елизавета II патшайымның менің хатымды жоғары бағалайтыны, бірақ қалаған адамның бәрімен кездесе алмайтыны жазылған», – дейді Зарина.

Патшайым кездесе алмағанымен, Заринаға өз суретін естелікке жіберген. Осыдан соң Заринаның Англияда оқу ниеті үдей түседі.

Қазір сынаққа қызу дайындалып, ағылшын еліне барам деген арман жолында іздену үстінде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау