Ұлыбритания құлақ тазалауға арналған таяқшаларға тыйым салады

Ұлыбританияда 2019 жылдан бастап өзендер мен мұхиттарды ластанудан қорғау науқанының аясында құлақ тазалауға арналған таяқшалар, сусындарға арналған түтікшелер және басқа да бір реттік қолданысқа арналған пластик заттарды сатуға тыйым салынуы мүмкін.

Ұлыбритания құлақ тазалауға арналған таяқшаларға тыйым салады

Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бірікке Корольдік премьер-министрі Тереза Мэй 19 сәуірде Британдық ынтымақтастық мемлекеттерінің билік басшыларының кездесуінде сөз сөйлемек. Ол Ұлыбританияның бірқатар пластик заттардың сатылуына тыйым салуы туралы мәлімдемесін ынтымақтастық құрамындағы өзге де елдердің қолдап, науқанға қосылатынынан үміттенеді.

Мэйдің пікірінше, мұхиттар тазалығын сақтау «біз ұшырасқан экологиялық үндеулер қатарындағы ең ірісі» болып табылады.

«Біз сусындарға арналған пластик түтікшелердің, құлақ тазалауға арналған таяшалардың сатылуына тыйым саламыз. Біз 2018 жылдың соңында кеңестен кейін аталған заттардың сатылуына тыйым салу жөніндегі ұсынысымызды ұсынуға дайынбыз», – деп келтіреді Мэйдің сөзін Daily Mail басылымы.

Оқи отырыңыз:

Солтүстік Корея ядролық сынақтардың тоқтатылып, полигонның жабылатынын мәлімдеді

Әйел өзімен жыныстық қатынасқа түскісі келген күйеуінің жыныс мүшесін кесіп тастады (фото)

Қызды зорлады деген күдікті: Кінәлі емеспін, себебі мен сүйкімдімін, ал ол семіз

Әлемге әйгілі музыкант 28 жасында дүниеден озды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар