Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кеңестік білім беру жүйесі Батыстағыдан күштірек: Қазақстанның Білім министрлігі жауап берді

Қазір әлеуметтік желілер мен Whats App сынды мессенджерлерде  “Ұлыбритания мектептері кеңестік білім беру жүйесіне көшуін аяқтады” деген тақырыпта жалған ақпарат таратылып жүр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Мақалада КСРО кезіндегі білім беру жүйесінің батыстықтан  артықшылығы жайлы айтылған.

Ақпаратты тексеру барысында материал Ресейдің “Сатирикалық Панорама” басылымының кезекті фейкі екендігі анықталды. Америкалық сайттарда да бұл туралы жазылмаған. “Сатирикалық Панорама” әзіл ретінде жаңалықтарды ойдан құрастырып жазады. Баслым мақсатты түрде халықты адастыруға бағытталған ақпараттарды таратады. Сайтта бастапқы беттің төменгі тұсында “Ескерту” бөлімі бар.

Онда басылым авторлары “panorama.pub сайтында келтірілген материалдардың барлығы ерекшеліксіз сатира, əрі ойдан құрастырылған” деген жазба қалдырған.

Талқылау