Ұлттық банк теңге құлдырайды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Ұлттық банк теңге құлдырайды деген ақпаратқа және инфляйия деңгейі өседі деген мәліметке қатысты мәлімдеме жасады.
Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, желіде теңгенің құлдырайтыны жайлы жалған ақпарат тарап жатыр.
«Ұлттық банк бұл ақпараттың теріс екенін, қазір ондай қауіп жоқ екенін ескертеді», – дейді банктегілер.
Теңге курсының тұрақсыздануы маусымға байланысты. Көпшіліктің маусымдық демалыстағы теңгені шетел валютасына ауыстыруына байланысты. Тағы бір фактор – АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің ұлғаюы, соның салдарынан АҚШ долларының әлемдік нарықта күшеюі.
«Ақша айырбастау пункіне әлемдің нарықтағы мұнай бағасы әсері бақылауда. Мұнайдың орташа бағасы барреліне 70 доллар. Осылайша елдегі төлем бағасы жақсарады», – делінген мәлімдемеде.
Банк мәліметінше, жылдық инфляция бағасы төмендеп барады. Мамыр айында оның деңгейі 6 пайызды құрады.
Ұлттық банк құқық қорғау органдарынан шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан авторларды табуды сұрайды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.