Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк басшысы теңге құнсызданады деген пікірге жауап берді

Данияр Ақышев теңге девальвациясы туралы қауесетті ағымдағы айдың басында ұлттық валютаның ауытқуына әсер еткен фактор деп атады.

198651

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев баспасөз маслихатында тамыздың басында теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik.

“Тамыздың басында теңе девальвациясы болуы мүмкін деген әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы қауесеттер мен жағымсыз жариялымдар әсерінен теңге бағамы жоғары ауытқулықты көрсетті. Іс жүзінде бағамның ауытқуын дәлелдейтін іргелі өзгеріс болған жоқ”, — деді Данияр Ақышев.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта валюталық нарықта жағдай тұрақталған. Осылайша, 22 тамызға айырбас бағамы бір АҚШ доллары үшін 333,8 теңге мөлшерінде қалыптасты.

Бүгін Қазақстан қор биржасында таңғы сауда бір доллар үшін 333 теңге мөлшерінде жабылды.

Тағы да оқыңыз:

Әйелдерді қолдау орталығы: Өмір бойы таяқ жеп, соңында күйеуіне керек болмай қалған әйелдер бар

Kaspi Bank ұрылар туралы ақпарат айтқан адамға 5 миллион теңге төлейді

Өзге ағымдағы қазақ жігіті жарылыс жасап шаһит болу жоспары жайлы айтты (видео)

Қызылорда облысында дастархан басындағы суреттерін желіге жүктегені үшін 18 шенеунік жазаланды

Талқылау