Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық арнаға барған Айсәуле Бақытбектен киімін ауыстыруды талап еткен

“Қазақстан” Ұлттық арнасына қонақ болып барған Айсәуле Бақытбектен киімін ауыстыруды талап еткен. Себебі отандық бағдарламалардың біріне түсірілімге шақырылған бойжеткен этикетке сай киінбеген. Десе де, Баян Алагөзованың қызы өзіне айтылған ескертуді құлағына ілмепті, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Ұлттық арнаға барған Айсәуле Бақытбектен киімін ауыстыруды талап еткен

“Түнгі студия” тв-дағы жалғыз еркін бағдарлама деп ойлап, қонақ болуға келісіп едім. Әдетте мен теле-бағдарламалардан бас тартамын.

Бұл шығарылым Головкиннің жекпе-жегі қарсаңында көрсетілетіндіктен, осылай киінген жөн деп шештім”, – деген Айсәуле үстіндегі күртешесін күйеу жігітінен сұрап алғанын атап өтті.

“Шынымды айтсам, тв-дағылар менің киім ауыстыруымды сұрады. Бірақ мен: “Сіздерге Айсәуле Бақытбек керек пе? Мінеки, Айсәуле” дедім. Біз жаңа мектепті қалыптастырамыз”, – дейді Айсәуле.

Бұл ретте желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Олардың бір тобы жас қызға не кисе де жарасатынын атап өтсе, басым бөлігі Баян Алагөзованың қызын сынға алған.

“Талғамсыз, бұдан да көйлек кигеніңіз дұрыс еді”, “Сұмдық. Сән сәнімен, бірақ ел алдына шыққанда дұрыс киім кию керек. Түсінемін, жаңашылдықты қалайсыздар, бірақ киім деген үйлесіп тұру керек қой”, – деп жазды олар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау