Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украиналық оқушылар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау сөздерін білдірді

Украиналық оқушылар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау сөздер айтып, ел аймақтарының тезірек қалпына келуін тіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Украинадағы Қазақстан елшілігінен

Украинадағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Григорий Ващенко атындағы №144 Киев лицейінің оқушылары мен педагогтарымен кездескен.

"Кездесуге Украина Жоғарғы радасының Қазақстан Республикасымен парламентаралық байланыс жөніндегі депутаттық тобының жетекшісі Сергей Нагорняк та қатысты. Кездесу кезінде украиналық оқушылар су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қазақстан халқына шынайы қолдау сөздерін жеткізді. Лицей өкілдері зардап шеккен өңірлердің тезірек қалпына келуін тіледі", – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.



Өз кезегінде елші кездесуге қатысушыларға су тасқынына байланысты қолдау мен жанашырлық білдіргені үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар бастамалар туралы айтты.

Талқылау