Украинадағы президент сайлауында Зеленский жеңіп келеді
Украинада президент сайлауы мәресіне жетті. Кеше мемлекет тұрғындары президенттікке үміткерлер үшін қайта дауыс берді. ОСК дауыс беру нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ОСК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОСК мәліметіне сәйкес, дауыс беру нәтижесінде Владимир Зеленский жеңіп шықты. Ол үшін сайлаушылардың 73, 33 пайызы дауыс берген.
Украиналықтар 4 742 866 бюллетеньде президент ретінде шоуменді белгілеген.
Президенттікке екінші үміткер Петр Порошенко небәрі 24,33 пайыз дауыс жинады. Ол үшін 1 574 060 адам дауыс берген.
«РИА Новости» мәліметінше, Петр Порошенко қарсыласына қоңырау шалып, оны жеңісімен құттықтайтынын айтқан. Ол сайлау нәтижесін айқын деп атады. Сонымен қатар Поршенко саясаттан кетпейтінін, Зеленскийге істің мән-жайын жылдамырақ түсінуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
Порошенко президенттік қызметінен мамыр айында ресми түрде кетеді. Ол бұл қызметте 2014 жылдан бері болды.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады