Украинадағы президент сайлауы: Зеленский ресми түрде жеңімпаз деп жарияланды
Украинаның орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының екінші кезеңінің ресми қорытындысын жариялады. Оның нәтижесіне сәйкес, шоумен Владимир Зеленский ресми түрде жеңімпаз деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: REUTERS
Сайлау нәтижесі ресми түрде жарияланғаннан кейін Жоғарғы Рада Владимир Зеленскийдің президенттік қызметін қашан бастайтынын белгілейді.
Еске сала кетсек, 21 сәуірде Украинада президент сайлауының екінші кезеңі өтті. ОСК мәліметіне сәйкес, дауыс беру нәтижесінде Владимир Зеленский жеңіп шықты. Ол үшін сайлаушылардың 73, 33 пайызы дауыс берген.
Украиналықтар 4 742 866 бюллетеньде президент ретінде шоуменді белгілеген.
Президенттікке екінші үміткер Петр Порошенко небәрі 24,33 пайыз дауыс жинады. Ол үшін 1 574 060 адам дауыс берген.
"Алты рет тапсырдым": Алматылық студент IELTS-тан ең жоғары 9.0 баллды қалай алғанын айтып берді
Ол тестті алғаш рет университетке түсу үшін тапсырып, 7.0 балл алған
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады