ҰҚК: Соғыс жүріп жатқан Сирия мен Иракта 390 қазақстандық бала бар
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирия мен Иракта жүрген қазақстандық бала санын атады.

Фото: © Саид Царнаев
ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбековтің айтуынша, қазір соғыс жерінде 16 жасқа дейінгі 390 бала бар. Олардың 214-і ұл бала, 176-сы қыз бала, деп жазады Sputnik.
«Бұл мәлімет нақты болмауы да мүмкін. Біз бұл балалардың бәрі тірі деп те нақты айта алмаймыз. Ол жақта біздің елшілігіміз жоқ, билік өкілдері де жағдайды бақыламайды. Бірақ тексеруге тырысамыз», – дейді Білісбеков.
“Қазіргі уақытта Қазақстанға 63 бала қайтарылып жатыр. Тағы 50 бала елге оралады. Бұл оңай жұмыс емес», – деді төраға орынбасары.
Тағы да оқыңыз:
ОҚО-да мектеп директоры қарызының орнына деп ауылдастарына білім ордасының мүлкін таратқан
Министр Сағынтаевтан бюджет қаржысын игермеген лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуды сұрады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі