Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК-ның экс-басшысы мемлекеттік құпияны жария етті деп күдіктелуде

ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев төртінші күн қатарынан тергеу изоляорында. Алайда, оның ұсталғаны жөнінде жақында ғана белгілі болды.

a23bebe019a9efaf8b7b32bfb40

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ең құпия ведомсваның жетекшісі мемелекеттік маңызды ақпаратты жариялады және лауазымын асыра пайдаланды деп күдіктелуде. Одан бөлек екі адам ұсталды.

Нартай Дүтбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат Ұлттық қауіпсіздік тарапынан айтылған жалғыз ғана мәлімет. Өзге ақпарат жарияланғанжоқ. Ал, мәселе қандай мемлекеттік құпияда болып отыр? Заңда «Мемлекеттік құпия жөнінде» бірнеше позиция қарастырылған. Біз осы жөнінде білмек болғанбыз, алайда сенатор ешнәрсе айтпады.

Нартай Дүтпбаев 1956 жылы 7 қаңтарда Жамбыл облысында туған. Қарулы құрылым қызметіне 1982 жылы келді. 2001 жылы президенттің жарлығымен ҰҚК-ның төрағасы болып тағайындалды. 2006 жылы Дүтбаев бұрынғы министр Алтынбек Сәрсенбаев жөніндегі ақпараттан кейін өзінің отставкаға кететінін айтты. Отставкаға кеткеннен кейін ҰҚК академиясын басқарды, президенттің кеңесшісіболды, «Қазатомпромда» қызмет етті. 2013 жылы журналистердің көзіне түсіп, кейін қазақстандық шенеуніктерді АҚШ-тың арнайы қызметі тыңдай алады деп мәлімдеді.

Үш қазақстандыққа қатысты Италияда қылмыстық іс те қозғалған еді. Қазір ол үшеуін қазақстандық арнайы қызмет мемлекеттік құпияны жария етті деген күдікке алып отыр. Тұрақты мекен-жайы бойынша тергеушілер іздеу жұмыстарын жүргізіп, затты айғақтар алды. Қосымша ақпаратты ҰҚК кейінірек мәлімдейтін болады.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы елордадағы жаңа жылдық қайырымдылық кешіне қатысты

Қазақстан депутаттары заң талқылаудың орнына бұғылар туралы видео көріп отырған (видео)

Қазақстандық Forbes биыл табысты болған отандық жұлдыздардың рейтингін жариялады

Талқылау