ҰҚК Қызылордада қылмыстық мұнай бизнесімен айналысушыларды ұстады (фото, видео)
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті мен ІІМ тарапынан биылғы жылдың 16 мамыры күні Қызылорда облысының аймағында мұнай мен мұнай өнімдерін заңсыз сатып алу, тасымалдау, сақтау мен саудалауға қатысты бірнеше қылмыстық топтың жолын кесу бойынша жүргізген арнайы операцияларының бейне түсірілімі пайда болды.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда, Тараз бен Шымкентте ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының мүшелері тарапынан бірлескен түрде қылмыстық топтың 8 өкілі ұсталып, олар тұрып жатқан аймақтар бойынша және олармен сыбайласқан «КАИС-сервис» ЖШС (Қызылорда, асфальт өндіретін зауыт пен мұнай құю терминалы, «Қарамай Ойл» ЖШС (Тараз, мұнай құю терминалы) сияқты кәсіпорындарда 21 тінту шаралары жүргізілді.

Криминалдық мұнай бизнесін қолдаушылардың бірі ретінде ҚР Бас прокуратурасының Ішкі қауіпсіздік қызметінің өкілдері тарапынан Қызылордалық көлік прокуроры ұсталды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.


Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"