Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

УЕФА ЕВРО-2016-дағы ең әдемі голды анықтады (видео)

Европа футбол қауымдастығы Францияда өткен Европа чемпионатында ең әдемі гол соққан футболшыны анықтады.

gera160713-ltwur

Сурет news-ua.today

Ең әдемі голдың иесі ретінде Португалия қақпасын дәл көздеген Венгрия құрамасының ардагері Золтан Гера аталған. Венгрияның “Ференцвароша” клубында ойнайтын жартылай қорғаушы ұлттық құрама сапында 14 жылдан бері доп теуіп келе жатыр. Ол Португалияға қарсы ойында 19-шы минутта айып алаңынан сыртынан соққы бағыттап есеп ашқан еді. Ал, матч 3:3 есебімен тең аяқталып, нәтижесінде қос құрамада плей-офф кезеңіне жолдама алған.

Венгрия құрамасы Бельгиядан жеңіліп, үйге қайтса Португалия финалға дейін жетіп, ақтық сында Франция құрамасын жеңіп, Европа чемпионы атанды.

Үздік голға үміткерлер арасында Криштиану Роналду (Португалия-Уэльс матчы) және Джердан Шакири (Швейцария-Польша матчы) болған.

Талқылау