ҰБТ-дан 125 балл жинаған түлек үш жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдаланбаған

Сәрсенбі, 8 Маусым , 2016 14:31

Павлодар облысы Ертіс ауданының Қызылқақ ауылындағы орта мектепті тәмамдаған Әділ Усин ҰБТ-дан 125 балл жинады. Облыстың мақтанышына айналған ауыл баласы Bnews.kz тілшісіне берген сұхбатында тестке дайындалудың құпиясымен бөлісті.

әділлл

Жоғары жетістікке қол жеткізу үшін Әділ үш жыл бойы әлеуметтік желілерден бас тартыпты. Бос уақытын тек тестке ғана арнаған. Бірінші сыныптап бастап кілең бестікке оқыған ол «Алтын белгісін» де, ата-анасы мен мұғалімдерінің де үкілеген үмітін ақтады.

«Бастапқыда 125 балл алғанымды естігенде, қуанышымда шек болмады. Өз-өзіме сене алмай, төбем көкке жетті. Бұл, бірінші кезекте, ауылдағы ұстаздарымның еңбегі деп білемін. Үш жыл бойы тынымсыз дайындалып, әрдайым жанымнан табылды. Оларға зор алғысымды білдіремін», – дейді Ә.Усин.

Қызылқақ орта мектебі – өткен ғасырдың елуінші жылдары бой көтерген шежірелі білім ордасы. Осында Әділдің ата-анасы, аға-жеңгелері білім алып, қазіргі таңда бір-бір мамандық иесі атанған жайы бар. Туыстарының барлығы бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнаса да, Әділ мамандық таңдауда өз ұстанымын байқатты.

«Алматыдағы қазақстандық менеджмент, экономика және болжам институтына түспекпін. Болашақта экономист мамандығын игерсем деймін. Жоғары көрсеткішке ие болсам да, демалуға әлі ерте. Алда үлкен асулар күтіп тұр», – дейді түлек.

Айта кетейік, Әділ – спорт пен білімді қатар ұштастырған алғыр оқушы. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап тоғызқұмалақ пен еркін күреске ден қойған. Былтыр тоғызқұмалақтан облыс чемпионы атанса, еркін күрестен аудандық жарыста топ жарған.

Жалпы биыл облыс мектептерін 3601оқушы тәмамдады. Олардың 2500-ден астамы тестілеуге қатысуға ниет білдірген.  Ал халықаралық дәрежедегі олимпиадаларда ел намысын қорғаған 46 жеңімпаз сынақтан босатылды.

Өңірдегі білім беру басқармасының мәліметінше, ҰБТ бойынша орташа көрсеткіш 88,2 баллды құраған. «Алтын белгіге» үміткер 115 түлектің  78-і үмітті ақтады. Ал 808 оқушы 100 баллдан жоғары балл жинаған.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Керемет, жарайсың.

  • Үміт Зарубековна says:

    Ауылда білім төмен деген түсінікке тойтарыс қой,алар асуларың көп болсын ,қазақ намысын асқақтата бер, Әділ!!!

  • Жұмбақ жан says:

    Əлеуметтік желіні пайдаланбаған деген де жаңалық болды

  • Жұмбақ жан says:

    Жарайсың Адил Ақ жол

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар