Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уәлибек Әбдірайымов: Негізі, мен сотталып кететін адаммын ғой

Бүгінгі қазақ сатирасының мақамы өзгерген. Әзіл-әжуалары кешегі Оспанхан Әубәкіров сынды сатира саңлақтарының хикаяларына мүлдем ұқсамайды . Осылай деген «Шаншар» театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов сатираға қатысты ащы шындығымен бөлісті.

Уәлибек Әбдірайымов

Бұл туралы HIT.TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Еңбек жолын орта мектепте мұғалімдіктен бастаған Уәлибек Әбдірайымов ұстаздар тақырыбына жиі әзіл арнап тұрады. Өнер иесі бүгінгі қоғамдағы білім беру саласына қатысты түйткілді мәселелерді сын садағына алып, оның зардабын әжуалап көрсеткен.

«Мысалы білім министрлігі туралы қатарынан екі жыл айттық. Әліпбидің қайда екенін сұрадық. «Шырағым, ана сөмкені көтерші. Ауыр екенін біліп алшы», – дедік. Ал оның астары қайда кетті. Негізі, мен сотталып кететін адаммын ғой», – дейді Әбдірайымов.

Сөз арасында «Шаншар» театрының басшысы бүгінгі қазақ әзілінің жағдайына көңілім тоқ дегендей сыңай танытты.

«Жалпы қазір біздің әзілдерімізде кезінде 80 жылдардың аяғы, 90 жылдардың басында кіндіктен төмен қарай, ауылдың әңгімесін айтатын үрдіс көбейіп кетті. Кейіннен осы тоқтады. Қазір қатты қуанатынымыз, осы мәселе айтылмайды. Күлдіретін мықтылар басқа дүниелермен күлдіріп жатыр», – дейді Уәлибек Әбдірайымов.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау