Уағыз айтуына тыйым салынған имамдардың тізімі шықты
Дания билігі уағыз айтуына тыйым салынған бірнеше мұсылман дін қызметкерлерінің қара тізімін жариялады. Алдын ала хабарға сәйкес, енді Дания территориясында бес имамның уағыз айтуына тыйым салынады.

Аталмыш тыйым екі іске қатысты көтерілген, сондай-ақ алдағы уақытта қажеттілік туындаса тыйым мерзімі ұзартыла түспек, деп жазады muslim.kz.
Қара тізімге Сауд Арабиясының екі азаматы, Сирияның бір азаматы, сондай-ақ, Канада мен АҚШ азаматтары кірген. Иммиграция және интеграция ісі министрлігінің мәліметінше, қара тізімге ілінген азаматтар діни араздық тудырған.
«Әсіредіншіл уағызшылар біздің елдің демократиялық құндылықтарына, Дания азаматтарының құқықтары мен еркіндіктеріне нұқсан келтірді» делінген министрлік мәліметінде.
Тағы да оқыңыз:
Исламдағы неке: Құрбыңа алғаш назар салуың және махаббат сезімінің оянуы
Білім министрлігі 11-сынып үшін оқу жылының ұзартылуы жайлы сыбысқа жауап берді
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты